Материалы за Наурыз 2025 года » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2025 года
Балалар жетістіктері
29
наурыз
2025
Балалар жетістіктері
Балабақша тәрбиеленушілері " Зияткер" өнер -білім орталығының жарыстарға қатысып 1-дәрежелі  орындармен марапатталды.
Жалпықалалық сенбілік жұмыстары болып өтті
23
наурыз
2025
Жалпықалалық сенбілік жұмыстары болып өтті
23 -наурыз күні Жалпыхалалық сенбілік болып өтті . №107 Бөбекжай-балабақшасының  қызметкерлері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік шарасының мақсаты – қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Сенбілік барысында қызметкерлер бақша ауласын, көше бойын күл-қоқыстардан, арамшөптерден, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
19-наурыз Жаңару күні
19
наурыз
2025
19-наурыз Жаңару күні
Бүгін, Наурызнама бойынша ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланады.Біздің де бақшамызда Жаңару күніне орай жаппай ағаш отырғызу дәстүрі болды. Құлыншақ сәбилер тобының ата аналары  көктемгі жаңару мерекесіне орай балаларымен бірге бақша айналасына тал екті. Балаларға көрсетілген  бұл игі істің берері көп .
Қош келдің -Әз Наурыз !
19
наурыз
2025
Қош келдің -Әз Наурыз !
Наурыз мерекесін балалар   балабақшада ерекше қуанышпен қарсы алды. Наурыз жайында ән айтылып,би биледі, тақпақтарын оқыды.Ақ әжеміз қазақтың ырымдарын үйретіп , тұсау кесер рәсімін өткізді. Мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері
18-Наурыз Ұлттық киім күні
18
наурыз
2025
18-Наурыз Ұлттық киім күні
Балабақшамызда  Ұлттық киімге аса зор көңіл бөлініп , ұлттық құндылықтарды үйрету жолы жоғары деңгейде өтіп келеді Ұлттық киіммен күнделікті жүруде балаларға да күнделікті түсіндіріріліп отырады . Ұлттық киімге арналған бұл күн ата— бабамызды, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет —ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналды.
"Анашым- ана жаным"
05
наурыз
2025
"Анашым- ана жаным"
 "Құлыншақ" кіші тобында "Анашым-ана жаным" тақырыбында ертеңгілік өтті.Балалар ертеңгілікте ән айтып,биден шашу шашты,аналарына арнап тақпақтарын айтты. Мақсаты:Балаларды "Ана"ұғымымен таныстыру,анаға деген жылы сөздерін айтуға үйрету.Ананы сыйлауға,құрметтеуге,мейірімді болуға тәрбиелеу.
"Айналайын-анашым" ертеңгілігі ересектер "Бәйтерек" тобында
05
наурыз
2025
"Айналайын-анашым" ертеңгілігі ересектер "Бәйтерек" тобында
Балабақшада аналарымызға арналған мерекелік ертеңгілік болып өтті. Мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкен ді құрметтеуге , ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
"Анашым -ең мейірімді жан"
04
наурыз
2025
"Анашым -ең мейірімді жан"
"Балдырған" ортаңғы тобы аналарына өз өнерлерін көрсетті.Көктем мезгілін қуанышпен қарсы алып ән салып, би биледі. Мақсаты:Балаларға анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту,жылы сөздер айтуғаүйрету,мерекелік көңіл күй сыйлау.
«Ана – аса қымбатты жан»
04
наурыз
2025
«Ана – аса қымбатты жан»
Балабақшамызда "Ана- аса қымбатты жан" тақырыбында "Тұлпар" мектепалды даярлық тобында ертегілік өтілді. Мақсаты:Балалардың аналарға деген сүйіспеншілігін,құрметтін арттыру,анаға деген мейірімділік пен қамқорлық сезімін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.