Қош келдің ,Әз-Наурыз!
Қар еріп, көк шығып, Әз наурыз мейрамы да келіп жетті. Қыстан аман шығып, барша халайық төс қағысып, қуанышқа кеңелуде. Бүлдіршіндер де жыл басын асыға күтіп жүр. Балабақша балғындарына, ата -аналарға, қонақтарға арналған Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Ұлттық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүрді дәріптеу. Оған қоса мереке аясында бүлдіршіндерге халқымыздың ұлттық аспаптарымен ән алып,айтысқа шықты.Ата аналар қазақы салт дәстүрлерден шағын көрініс қойды .