05
наурыз
2026
"Анашым-ана жаным"



“Анашым – ана жаным”8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Тұлпар мектепалды тобында «Анашым – ана жаным» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мерекелік шараның басты мақсаты – аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, балалардың анаға деген жылы сезімін білдіру болды.
Ертеңгілікте балалар аналарға арнап әсем ән айтып, тақпақтар оқып, би биледі. Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылып, аналар мен балалар бірге көңілді уақыт өткізді. Балалардың шынайы ықыласы мен жылы лебіздері мерекеге ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында бүлдіршіндер өздерінің сүйікті аналарына жүрекжарды тілектерін айтып, мерекемен құттықтады.