19
ақпан
2026
"Әкелер мектебі", Әке - асқар тауым!




«Әкелер мектебі» аясындағы әке мен қыз қатысуымен өткізілген іс-шара
Балабақшамызда «Әкелер мектебі» жобасы аясында әкелер мен қыздардың қатысуымен тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – әке мен қыз арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру болды.Шараға балабақша меңгерушісі, әдіскер, педагогтер және тәрбиеленуші қыз балалар өз әкелерімен бірге қатысты. Іс-шара салтанатты түрде ашылып, қатысушыларға оның маңыздылығы туралы қысқаша ақпарат берілді.
Бағдарлама барысында әкелер мен қыздар бірге түрлі танымдық және қимылды ойындарға қатысты. Бірлескен шығармашылық тапсырмалар орындалып, әкелер қыздарына қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, «Менің әкем – менің мақтанышым» тақырыбында шағын әңгіме жүргізіліп, балалар өз әкелері туралы жылы лебіздерін білдірді.
Педагогтер тарапынан отбасы тәрбиесіндегі әкенің орны, қыз бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, әке мейірімі мен қолдауының маңызы туралы мазмұнды түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында әкелер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында әкелер мен қыздар бірлескен тапсырмаларды сәтті орындап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Ата-аналар тарапынан балабақша ұжымына алғыс білдіріліп, осындай тәрбиелік мәні бар кездесулерді жиі ұйымдастыру ұсынылды.
Қорытындылай келе, «Әкелер мектебі» аясында өткізілген бұл шара отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, әке мен қыз арасындағы сенімді қарым-қатынастың қалыптасуына оң ықпал етті.