Бала шақтан-болашаққа! » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала шақтан-болашаққа!
22
мамыр
2026

Бала шақтан-болашаққа!





Балабақшамен қоштасу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әсерлі сәттерге толы мерекелік кеш ретінде өтті. Кеш барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, жыл бойы үйренген білімдері мен қабілеттерін паш етті. Мерекелік шара ата-аналар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлап, жүрекке жылы естеліктер қалдырды.
Балабақша қабырғасында тәрбиеленіп, алғашқы білім мен тәрбие алған бүлдіршіндеріміз енді мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Осы уақыт ішінде балаларымыз көптеген жетістіктерге жетіп, достықты, сыйластықты, ізеттілікті үйренді.
Құрметті түлектерімізге жарқын болашақ, оқуда озат болып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз. Әрқашан ата-анасының қуанышы, ұстаздарының мақтанышы болып, еліміздің білімді де тәрбиелі азаматтары болып өссін. Алдағы қадамдарына сәттілік, мол табыс және ашық аспан тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив