05
наурыз
2026
"Ана- әлемнің жүрегі"




«Ана – әлемнің жүрегі»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Балдырған» ортаңғы тобында «Ана – әлемнің жүрегі» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында балалар аналарын, әжелерін және ұстаздарын көктем мерекесімен құттықтап, ән айтып, би билеп, тақпақтарын арнады. Балалардың анаға деген сүйіспеншілігі мен құрметі көрініс тауып, мереке жылы көңіл-күй мен шаттыққа толы өтті.