03
наурыз
2026
Балабақшадағы сейсмо-жаттығу







Балабақшада сейсмо-жаттығу өткізілді.
Барлық тәрбиешілер және бүлдіршіндер құлақтандыру жүйесінің дауысын естіген бойда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қысқа мерзімде сыртқа шықты.
Сейсмо-жаттығудың мақсаты - балабақша мүмкіншілігін көзден өткізу және ережеге сәйкес іс әрекетін, үлгеру уақытын бақылау.
Балабақша ұжымы жаттығуға бір кісідей ұйымшылдықпен қатысып, өмір қауіпсіздік ережелері тәжірибе жүзінде көрсетілді.