«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік
Бүгін, 2025 жылы 5 шілде күні, балабақша ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысып, «Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз» ұранымен сенбілік өткізді. балабақша қызметкерлері бірлесе отырып: мекеме аумағын тазартты, жасыл аймақтарды ретке келтірді, гүлзарларды жаңартып, қоршауларды сырлады. Мұндай шаралар кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ғана емес, ұжымдық рухты нығайтып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға септігін тигізеді.