Материалы за Қазан 2025 года » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года
25 қазан- Республика күні
20
қазан
2025
25 қазан- Республика күні
Жарқырап жанған күндей азаттығы, Көрінер ұлтымның да ғажаптығы. Республика күнімен құттықтаймын, Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні! Мерекелік ертеңгілікті "Тұлпар"мектепалды тобы үлкен дайындықпен өткізді.Республика күніне арнап тақпақ айтып,би биледі,ән шырқады.Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән- жырмен жеткізді.
"Күзгі асар жәрмеңкесі"
06
қазан
2025
"Күзгі асар жәрмеңкесі"
Балабақша "Күзгі асар"жәрмеңкесі болып өтті. Балалар ата- аналарымен күзгі  жәрмеңкеге өздерінің қолдарымен жасалған бұйымдарын әкеліп ,жасаған жұмыстарымен таныстырып, күз байлықтарын атады, жемістер мен көкеністерді ажыратып ,күзгі жемістер жеп тарқасты.
"Қарттарым-асыл қазынам "
02
қазан
2025
"Қарттарым-асыл қазынам "
Ересектер тобында " Қарттарым асыл қазынам" тақырыбында ертеңгілік өтті. Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
"Қарттарым аман сау жүрші "
01
қазан
2025
"Қарттарым аман сау жүрші "
«Жас жүрген жер — мереке. Қарт жүрген жер — береке» дейді дана халқымыз. Ата-әжелеріміз бар үй әрқашан ынтымақ пен берекеге толы емес пе?  Төріміздегі қарттарымыз – шаңырақтың шаттығын сақтап, айрандай ұйытып отыратын кеңесшілеріміз. Ал ата мен әженің балаға беретін тәрбиесі мүлде бөлек әңгіме.Осы ретте балабақша әкімшілігі ауданымыздағы қартарға барып,мерекелерімен құттықтап қайтты.