АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС
01
қыркүйек
2020

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС

КОРОНАВИРУС ЖАЙЛЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ!!!
КОРОНАВИРУС ЖАЙЛЫ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін. Белгілері: Қалтырау Жөтел Ентікпе Соңғы мәлімет бойынша, инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін.
Қалай сақтану керек?
 Қазіргі уақытта 2019-nCoV инфекциясының алдын алатын екпе жоқ. Сол себепті сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау. Басқа қауіпсіздік шаралары өзге де респираторлық аурулардыкімен бірдей.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.
Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз, қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне, мұрнына немесе аузына тигізсе, ауруды жұқтырады. Сондықтан, коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан, вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.

1. Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз. Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз.
 2. Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз.
3. Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз.
4. Ауырған кезіңізде үйде болыңыз.
5. Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді майлықпен жауып, содан кейін оны қоқысқа тастаңыз.
 6. Сіз үнемі байланыста болатын құралдар мен үстіңгі қабатты тазартып, дезинфекция жасап тұрыңыз.

Коронавирустың қаупі қандай?

Қалыпты жағдайда Covid-2019 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоқ. Бұл вирус:
  • 65 жастан асқан адамдарға;
  • бес жасқа дейінгі балаларға;
  • жүкті әйелдерге;
  • иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал.
Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив