№107 бөбекжай балабақшасына ән жетекшісі қызметіне конкурс жариялаймыз » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №107 бөбекжай балабақшасына ән жетекшісі қызметіне конкурс жариялаймыз
24
қазан
2022

№107 бөбекжай балабақшасына ән жетекшісі қызметіне конкурс жариялаймыз

Алматы қаласы Білім басқармасы «№107бөбекжай-балабақшасы» ҚМҚК қазақ тіліндегі оқу орнында ән жетекшісі бос лауазымына конкурс жариялайды

1

Білім беру ұйымының атауы

Алматы қаласы білім басқармасы «№107 бөбекжай-балабақшасы» ҚМҚК

мекенжайы, пошталық мекенжайы

Алматы қаласы, Медеу ауданы, 2 Многоводная 17

050010

телефон нөмірлері

8-727-291-92-68

электрондық пошта мекенжайлары

medeo.107@mail.ru

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі

Ән жетекшісі  0,5 ставка

негізгі функционалдық міндеттері

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.


еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары

- еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді;

- арнайы орта білім ( min):     50000 теңге;

- жоғары білім (min):  75000 теңге;

3

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
  • Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
  • Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.


4

Құжаттарды қабылдау мерзімі

24.10.2022-30.10.2022

5

Қажетті құжаттар тізімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдауға тиісті:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

6

Уақытша бос лауазымның мерзімі

-



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив