БАЛАБАҚШАМЫЗ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАБАҚШАМЫЗ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
19
сәуір
2024

БАЛАБАҚШАМЫЗ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Семинарға басқа балабақшалардың дене шынықтыру нұсқаушылары, мектепалды топ тәрбиешілері, әдіскерлер мен меңгерушілер қатысты. Семинар басында алғы сөзді мекеме басшысы А.С.Естенова алып, бағдарламамен таныстырды. Педагог-психолог А.Ш.Белек амандасу тренингін өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ұлттық ойын бестемше туралы көлеңке театры көрсетілді. Келген қонақтар ерекше әсер алды. Балабақша әдіскері А.Б.Адильханова бестемше ойынының шығу тарихы мен қолданылуы туралы баяндама оқып, балалардың ойынын көрсетті. Жоспарға сәйкес келген қонақтармен бірге  “Бестемше” кабинетінің ашылуы болды, # 124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым басшысы Ш.Ш.Иликбаева мен КМКҚ “#5 бөбекжай-балабақша” меңгерушісі  А.К.Маулешова қызыл лентаны қиып, жақсы тілектерін білдірді. Бестемше кабинетінде әр түрлі бестемше тақталарының көрмесі таныстырылды. “Бәйтерек” мектепалды тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді, тәрбиеленушілер  бестемше ойнап, ұлттық тақырыпта шығармашылық тапсырмалар орындады.  Жоспардың келесі бөлігі бойынша музыка залында ата-аналар мен педагогтар арасында “Алаңдағы бестемше” ойыны ұйымдастырылды. Алаңдағы бестемше туралы мағлұмат беріліп, қонақтармен ойын ойналды. Келген қонақтармен балабақша меңгерушісі А.С.Естенова “Ашық микрофон” әдісі арқылы кері байланыс жасады. Семинардың соңы өнерлі балалардың шағын концертімен аяқталды. Семинарға қатысқан қонақтар өте жоғары деген баға беріп, ризашылықтарын білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив