25
ақпан
2021
Қалалық семинар
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 25 ақпан күні zoom платформасы арқылы мектепке дейінгі білім беру ұым педагогтеріне «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында инновациялық қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында қалалық деңгейінде семинар өтті. Осы семинарда бірнеше балабақшалар қатысып әр балабақша өзінің қолданып жатқан технологияларымен бөлісті. №107 балабақшаның әдіскері Базарбаева Альмира Маратовна осы семинарға қатысып, «Жіппен бейнелеу инновациялық технология» атты шебер-класспен бөлісті. Семинардың мақсаты: балабақшамызда қолданып жүрген технологиямен бөлісу, озық тәжірибені енгізу және насихаттау, жаңа инновациялық іс-тәжірибемізбен бөлісу, жас мамандарға бағыт бағдар беру.




