Біз туралы » Страница 2 » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жазғы бау-бақша
24
маусым
2025
Жазғы бау-бақша
Балабақшамызда бау-бақша бар.Ол жерде әртүрлі ағаштар мен гүлдер,дәнді дақылдар,күнделікті пайдаланатын көкөністер өсіріледі.Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер бірге су құйып,бау-бақшаға күтім жасайды.
"Тазалық денсаулық кепілі"
31
мамыр
2025
"Тазалық денсаулық кепілі"
“Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады.Осы орайда №107 бөбекжай балабақша ұжымы да балабақша ауласына тазалық жұмыстарын жасады Сенбіліктің басты мақсаты – ауланы  ретке келтіру, оны ең жақсы экологиялық таза ауданға айналдыру.
Балалар жетістіктері
19
мамыр
2025
Балалар жетістіктері
Балабақша тәрбиеленушілері Республикалық "Үркер"зияткерлік марафонының жеңімпаздары атанды.Шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы жеңістің 80 жылдығы
06
мамыр
2025
Ұлы жеңістің 80 жылдығы
9-мамыр жеңіс күні құтты болсын!Ешкім де ештеңеде ұмытылмайды! Осы ретте Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай балабақша әкімшілігі  Даманск соғысына қатысқан ардагер -Нүсіпәлиев Амангелді атамызға барып,мерекесімен  құттықтап,құрметімізді білдірдік .Ардагеріміздің ерлігі-бүгінгі бейбіт күннің бағасы .Барша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз! 
"Қош келдің Әз Наурыз ! "
15
сәуір
2025
"Қош келдің Әз Наурыз ! "
Балабақшада 22 – наурызға арналған «Қош келдің, Әз – Наурыз» мейрамын мерекелеу  барлық жас топтарында мерекелік ертеңгіліктер, ұлттық спорттық ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Наурыз - ежелгі дәуірдің ең ұлы мерекелерінің бірі. Наурыз - көктемгі күн мен түннің теңесуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіретін жарқын мереке. Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты, достық пен махаббатты білдіреді. Балалар балабақшаға келген сәттен бастап
Семинар-тренинг
07
сәуір
2025
Семинар-тренинг
"Цифрлық ортада мектеп жасындағы ересек балалардың киберқауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушыларымен бірлескен семинар-тренинг болып өтті .Семинар-тренингтің басты мақсаты-цифрлық технологияларды белсенді қолдану жағдайында мектеп жасына дейінгі ересек балалардың киберқауіпсіздіктерден сақтандырудағы ойын технологияларының рөлі,тәрбиешілер мен ата-аналардыңбірлескен жұмысының маңыздылығын арттыру арды
"Тал егу акциясы -балабақшада"
01
сәуір
2025
"Тал егу акциясы -балабақшада"
«Көгалдандыру-көптің ісі» балабақша қызметкерлерінің  тал егу акциясы Балабақша ауласын көркейту-көгалдандыру, келбетті жасыл желекке айналдыру мақсатында балабақша аумағына қара ағаш, қайың ағашы, жеміс ағаштары отырғызылды. «Тал егу» акциясы дәстүрлі түрде жылда қызметкерлер  арасында жалғасын тауып келеді.Ата -аналар да бұл акцияға өз үлестерін қосты
Жалпықалалық сенбілік жұмыстары болып өтті
23
наурыз
2025
Жалпықалалық сенбілік жұмыстары болып өтті
23 -наурыз күні Жалпыхалалық сенбілік болып өтті . №107 Бөбекжай-балабақшасының  қызметкерлері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік шарасының мақсаты – қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Сенбілік барысында қызметкерлер бақша ауласын, көше бойын күл-қоқыстардан, арамшөптерден, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
19-наурыз Жаңару күні
19
наурыз
2025
19-наурыз Жаңару күні
Бүгін, Наурызнама бойынша ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланады.Біздің де бақшамызда Жаңару күніне орай жаппай ағаш отырғызу дәстүрі болды. Құлыншақ сәбилер тобының ата аналары  көктемгі жаңару мерекесіне орай балаларымен бірге бақша айналасына тал екті. Балаларға көрсетілген  бұл игі істің берері көп .