ТОПТАР » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
Отбасым- бақыт мекенім
12
қыркүйек
2025
Отбасым- бақыт мекенім
Балабақшада Отбасы күні аталып өтті.Балалар өздерінің отбасы мүшелерін атап,оларға деген махаббатын суретпен жеткізді.Аналарына,әкелеріне арнап өлең,тақпақтарын оқыды .
Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
08
қыркүйек
2025
Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.Ересек "Бәйтерек"тобы
30-тамыз Қазақстан Руспубликасының Конституция күні
26
тамыз
2025
30-тамыз Қазақстан Руспубликасының Конституция күні
30-тамызда еліміздің негізгі Ата заңы Конституция күні.  Ата заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған тарихи маңызы аса зор құжат.  Осыған орай балабақшада Конституция күніне орай  көрме ұйымдастырылды, балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Біз спортшы боламыз"
19
тамыз
2025
"Біз спортшы боламыз"
"Біз спортшы боламыз" тақырыбында ересек "Бәйтерек"тобы  жарыс ұйымдастырды.  Мақсаты: Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 3. Салауатты өмір салтын насихаттау. Түрі: Эстафеталық жарыс Өтілетін орны: Балабақша алаңы
Жазғы ойын сауықтар
25
маусым
2025
Жазғы ойын сауықтар
Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып,көгерсін Жаз келді деп қуанып, Шаттанады бүлдіршін!
"Жайдарлы жаз"  спорттық іс шара
09
маусым
2025
"Жайдарлы жаз" спорттық іс шара
Жаз мезгілі басталғалы балалар көп уақытын сыртта өткізіп жатыр.Таза ауда спортпен шұғылданып, таңғы жаттығуды әуезді әуенмен шынығып бастайды Мақсаты :Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.  Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
30
сәуір
2025
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
30 сәуір  күні сағат 11:00-де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.Сейсмикалық жаттығулар өткізілетін күні сағат 11.00де сирена электр дабылдарын қосу арқылы, теле-, радиоарналарды автоматты түрде қамтуымен қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылды.  Педагогтар дабыл сандығын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын анықтау қажеттілігі алдын ала жасақталды. Қауіпсіз орын-ғимараттардан, электр желілерінен және үлкен ағаштардан алыс ашық алаңға балалар дәл
1-мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ертеңгілік
30
сәуір
2025
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ертеңгілік
    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!      Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Ортаңғы "Балдырған"тобының тәрбиелушілері де ерекше дайындықпен ертеңгілік өткізді. Ән айтып би биледі , тақпақтар айтты. Әр ұлттың ойындарынан жарыс ұйымдастырды
Біз-зерттеушіміз
11
сәуір
2025
Біз-зерттеушіміз
"Тұлпар " мектепалды даярлық тобында" Мен ғарышкер боламын "тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Жер мен көктің айырмашылықтары туралы мағлұмат беру. 
Балабақшадағы қысқы ойындар
22
қаңтар
2025
Балабақшадағы қысқы ойындар
"Бәйтерек " ересектер тобында қысқы ойындарға арналған жарыс болып өтті .Ондағы мақсатымыз :  Балаларға қыс мезгілінің басқа мезгілдерден өзгешелігін түсіндіру. Қысқы табиғат көрінісіне, қысқы ойын түрлерін ойнату. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.