Ата-аналарға арналған ақпарат » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға арналған ақпарат
01
маусым
2020

Ата-аналарға арналған ақпарат

Кезекші топтардың (жас бойынша) карантин кезеңіндегі жұмыс режимі туралы


                                                                                         Алматы қаласы Бас мемлекеттік                                                                                            санитариялық дәрігерінің
                                                                                         30.05.2020ж. №33-қаулысына
                                                                                                                1 қосымша
                     Мектепке дейінгі  балалар ұйымындағы кезекші топтардың (жасы                                                 бойынша)карантин кезеңіндегі жұмыс режимі туралы
                                                    Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ

 
 

 
 
  1. Мектепке дейінгі  балалар ұйымы (бұдан әрі -Объект) басшысының бұйрығымен COVID-19 бойынша карантин уақытында алдын алу іс-шараларын сақтау, коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша қызметкерлерге күнделікті нұсқама жүргізу үшін жауапты адам (медицина қызметкері) бекітілсін.
  2. Объектіде күшейтілген санитариялық зарарсыздандыру режимді сақтай отырып, толымдылығы 50%-дан аспайтын (жасы бойынша бір кезекші топта: біріктірілген бөбектер және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген үлкен және дайындық) кезекші топтардың жұмысын қамтамасыз ету. 
  3. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау COVID-19 бойынша (ПТР, 7 күннен кешіктірмей)  теріс зертханалық нәтижелер болған кезде жүзеге асыру ұсынылады.
  4. Объектінің барлық қызметкерлері мен балалардың күнделікті таңертеңгі сүзгіні (фильтр) жүзеге асыруды қамтамасыз ету, денсаулық жағдайына сауалнама жүргізу және дене температурасын өлшеп, жорналға тіркеу. Сүзгіні (фильтр) өткізу кезінде адамдардың жиналуын болдырмау және әлеуметтік қашықтықты (1,5 – 2 метрден кем емес) сақтауды қамтамасыз ету, ғимарат кіреберісіне келушілер үшін белгілер орнату. 
  5. Жедел респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрыннан су ағуы) және басқа да жұқпалы ауруларының белгілері бар қызметкерлер мен балалар жұмысқа жіберілмеуі тиіс.  Жедел респираторлық инфекциялар симптомдары бар адамдар анықталған жағдайда, COVID-19-ға күдік болған жағдайда жедел медициналық жәрдем дәрігерін шақыру.
  6. Объектіге жергілікті педиатрданденсаулығы жайлы және жұқпалы аурулармен қатынаста болмағандығы туралы медициналық анықтамалары бар балаларды қабылдау (балалардың  3 жұмыс күнінен артық уақыт болмаған жағдайда).
  7. Объектіге балаларды келесі санаттағы адамдарға ертіп келу ұсынылмайды:
- COVID 19  расталған жағдайларымен қатынаста болғандарға;
        - соңғы 14 күн ішінде ауру оқиғасы тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендерге;
- жүкті әйелдерге;
-  65 жастан асқандарға;
-  жедел респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға.
8. Қызметкерлер мен келушілердің қолын өңдеу үшін нысанда қол жетімді жерлерде тері антисептиктерін орнату.
9. Қызметкерлердің, балалардың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, қол жуғыштардың, сабынның, бір реттік сүлгілердің немесе электр сүлгілердің, санитайзерлердің болуы). Санитариялық тораптарды зарарсыздандыру өңдеуді әрбір 3 сағат сайын жүргізу керек. Тазалау мүкәммалдары өңдеу жүргізілгеннен кейін зарарсыздандыруға жатады.
10. Термометрлердің, зарарсыздандыру және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санын қамтамасыз ету. 
11. Объектіде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маскалар) жинайтын контейнер жабдықталсын. Контейнерді мамандандырылған ұйымдар қауіпсіз медициналық қалдық ретінде (тұрмыстық қатты қалдықтар сияқты) полигонға шығарады. 
12. Балалардың қолын тамақ ішкенге дейін, аумақта серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында өңдеуіне (қолды сұйық сабынды пайдалана отырып жуу) тәрбиешілердің жеке жауапкершілігін қамтамасыз ету. 
13. Желдету режимін сақтау: балалардың топтарда болған әрбір сағаты сайын үй-жайларды 15 минуттан кем емес желдетуін жүргізу, топтарда балалар болмаған кезде өтпелі желдетуін жүргізу. Жылдың жылы мезгілінде балалардың үй-жайларда фрамугалар мен желкөздердің ашылып тұрған кезінде болуы ұсынылады. Желдетуді жүргізу тәрбиешінің бақылауымен, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып  жүзеге асырылады.
14. Топтар үй-жайларын балалар болмағанда зарарсыздандыруды (кварцтауды), кейіннен желдетуді қамтамасыз ету. Күніне кемінде 2 рет жуу және зарарсыздандыру құралдарын оларға қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес қолдана отырып, барлық үй-жайларды ылғалды жинау, кейіннен желдетуді жүзеге асыру. Зарарсыздандыру құралдарын (үй-жайларда балалар болмағанда) қолдана отырып, есік тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, терезелерді, үстелдердің жұмыс беттерін, орындықтарды және т. б. екі рет өңдеу жүргізу.
15. Зарарсыздандыру құралдарын тиісті  жеке қорғаныш құралдарын  пайдалана отырып, нұсқаулыққа сәйкес жақсы желдетілетін үй-жайда дайындау. Техникалық персонал үшін көрінетін жерге зарарсыздандыру құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықты орналастыру қажет.
16. Жылдың жылы мезгілінде объект аумағында дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды өткізуді қамтамасыз ету. Ойындар үшін оқшауланған алаң болмаған жағдайда (объектіні тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастырған кезде) серуендеуді шектеу қамтамасыз етілсін. 
17. Топтарда және мектепке дейінгі ұйым аумағында балаларды «топтық оқшаулау» қағидасын сақтауды қамтамасыз ету. Жұмсақ, қатты мүкәммалды, ойыншықтарды, жиһазды топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады.
18. Ойыншықтарды жууды жұмыс күнінің 1-жартысында және соңында зарарсыздандыру өңдеу арқылы күніне 2 рет жүзеге асыру.
19.Ұйқы кезінде ұйықтайтын бөлмелердегі балалар арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын қамтамасыз ету.
20. Балалардың тамақ ішуі кезінде үстел арасы 1 метрден кем емес қашықтықты сақтауды, 1 үстел басында балалардың 2-ден артық отырмауын қамтамасыз ету.
21. Ауыз су ішу ережесін сақтауды қамтамасыз ету (оның ішінде бөтелкедегі суды, бір рет қолданылатын стақандарды пайдалану). 
22. Ата-аналар мен сырттан келетін басқа да тұлғалардың қатысуымен бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, спорттық және т.б.) өткізуге тыйым салу.
23. Объектінің іргелес аумағын зарарсыздандыруды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу.
24. Объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындаы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілсін.
25. COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға объектінің басшысы жауапты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив