2023 жылға қорытынды есеп » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылға қорытынды есеп
27
желтоқсан
2023

2023 жылға қорытынды есеп

КМҚК «№107 бөбекжай-балабақшасының» жылдық қорытынды есебі

         Бөбекжай балабақшамыздың жобалық қуаттылығы 100 бала, топтар саны-4.Ерекше білімді қажет ететін балалар саны-11. Балабақшамызда логопункт бар және  балабақшамен қамтылмаған ата-аналарға арналған консультативті пункт жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында «Зерек бала» атты инновациялық ойын кабинеті ашылды.  Педагогтардың жалпы саны-14, оның ішінде 75% педагогтар жоғары білімді. Педагог-сарапшы-1, педагог-модератор-5, 1 санатты педагог-1, 2 санатты педагог-1.
     Барлық педагогтар 100% кәсіби біліктіліктерін арттырды. Атап айтқанда, АҚ БАҰО «Өрлеу» курсын ағымдағы жылы 11 педагог, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ПШО курсын 2 педагог, сонымен қатар Алматы білім басқармасының ұйымдастырумен өткен халықаралық курсты 11 педагог оқыды. 
     Тәрбиеленушілеріміз бен педагогтарымыз аудандық, қалалық, республикалық байқау жеңімпаздары атанды. «Театр-ғажайып әлемі» атты қалалық байқаудан 1 орын , «Әкем-асқар тауым» атты Ерте дамыту институты байқауының аудандық кезеңінде 1 орын иелендік.  Сонымен қатар тәрбиешілеріміз бен тәрбиеленушілеріміз республикалық онлайн байқаулардың жүлдегерлері атанды.
     Ата-аналармен жұмыс жоспарға сай жүргізілуде, жаңартылған форматта ата-аналар жиналысы мен әр түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Балабақшамызда әкелермен семинарлар  жыл сайын өте жоғары сұраныста өткізіліп отыр. Әр маусым сайын балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыру мақсатында  ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, ашық есік күні ұйымдастырылып  отырады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив