21
шілде
2023
"Шарлар күні" іс-шарасы
Жазғы сауықтыру-шынықтыру іс-шаралары балалардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Балалар жаз мезгілінде көп уақытын таза ауада, әр түрлі қызықты ойындар ойнау арқылы өткізеді. Соның бір дәлелі ересек және мектепалды топтар арасында ұйымдастырылған "шарлар күні" іс-шарасы. Тәрбиешілердің берген тапсырмаларына сай балалар шармен жүгіріп, су толтырылған шарларды жарып, шарларға әр түрлі суреттер жабыстырды. Дымқыл шүберек пен кедір-бұдыр жерлермен жүрді.Бір-бірлеріне су шашып ойнады. Осындай үлкен әсер қалдыратын іс-шаралар балалардың есінде мәңгі қалары сөзсіз.