Дәстүрден тыс сурет салу апталығы » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дәстүрден тыс сурет салу апталығы
08
тамыз
2023

Дәстүрден тыс сурет салу апталығы

Балабақшамызда 31 шілде мен 4 тамыз аралығы дәстүрден тыс сурет салу апталығы болып өтті. Балалар апталыққа аса қызығушылықпен қатысып, үлкен әсер алды. Тәрбиешілер әр түрлі тақырыпта, түрлі техникаларды пайдаланып сурет салғызды. Атап айтқанда "Балдырған" тобы алақан арқылы бастыру арқылы салды. Бір жағынан ұжымдық жұмыс ретінде өте ұтымды болды. Балалар қызыға қатысты.
Ал "Тұлпар" тобы тмамақ пленкасын бояу арқылы сурет салды.Балалар ұзын болып тартылған тамақ пленкасына қатар тұрып, акварелді бояудың көмегімен сурет салып, уақыттарын тиімді өткізді.
Сонымен қоса тырнау әдісі арқылы еркін тақырыпта сурет

салды, мұнда балалардың ой қиялы дамып, сурет салуға деген

қызығушылықтары артып, суреттеріне баға беріп, керемет көңіл күйде болды.

Қорыта айтқанда, көркемдік – шығармашылық

әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері баланың шығармашылық

қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық

айтуын, дербестігін – барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін

тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік

формуласының негізі болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив