Жазғы сауықтыру-шынықтыру шарасын ұйымдастыру
Балабақшамыз тәрбиеленушілердің таза ауада көбірек болуына және қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, спорттық ойындарға, ойын-сауықтарға үлкен мән берілді. Жазғы мезгілде балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Жаз айларына арналған іс-шаралар жоспары түзіліп, музыка жетекшісі, тәрбиешілермен бірге балалардың қорғау күніне "Бақытты балалық шақ", "Алақай жаз келді", "Көңілді старт", спорттық ойын-сауық, "Менің туған өлкем" тас жолда сурет салу көрмесі, "Менің сүйікті ертегім", "Ертегіде қонақта" , "Ертегілер еліне саяхат" қуыршақ театры, "Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз", "Ережені білейік, аман-есен жүрейік!" танымдық ойын сауық", "Астана-арман қала" атты іс-шаралар өткізіліп, балалар үшін қызықты мереке болды, қимылды ойындар мен спорттық жарыстар барысында ойынға қатысушылар өз ептіліктерін көрсетіп, белсене қатысты. Жаз мезгілде сауықтыру және шынықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік көп. Әдіскер мен тәрбиешілер жазғы сауықтыру және шынықтыру жұмыстарында ауызды шаю, қолды жуу, ауа және күн ванналарын қабылдау , саяжайда жалаң аяқ жүру сияқты шынықтыру шаралары күнделікті жүргізілуде. Қимылды ойындар қолданып балалардың белсенді ойын ойнады. Күн ыссы уақытта балалар ағаштардың көлеңкесіндегі жолдармен жүгіріп шынықтыру және тыныстау гимнастикасының кешенін орындады.Жаз айының қалған бөлігінде осындай іс-шаралар өз жалғасын тауып, белсенді түрде өткізілу жоспарланып отыр.