ЗООБАҚҚА САЯХАТ
03.11.2020 жылы Алматы қаласындағы орталық саябақта орналасқан Зообаққа саяхатқа ортаңғы "Құлыншақ" және ересек "Тұлпар" тобының балаларын апардық
Неліктен балалармен хайуанаттар бағына бару керек?
Хайуанаттар бағы - баланы жабайы табиғат әлемімен таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Дәл осы жерде бала қарапайым өмірде кездесе алмайтын фаунаның әртүрлі өкілдерін өз көзімен көре алады. Хайуанаттар бағында серуендеген кезде, жануарларды бақылау кезде балаға көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер қалдырады.
Хайуанаттар бағына саяхат.
Мақсаты: Хайуанаттар бағы туралы түсінік қалыптастыру.
Балаларды хайуанаттар бағында тұратын жануарлармен таныстыру, олардың әртүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, жануарлардың әдеттерін, олардың мінезін, қимылдарын жеткізе білу қабілетін дамыту. Балалардың хайуанаттар бағының тұрғындары туралы білімдерін кеңейту. Жануарларға қамқорлықпен қарауға, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.



