Ата-аналарға арналған кеңес
Балаға мультфильм көрсету барысындағы ата-ананың ескеретін жағдайлары
1.Мультфильмнің бала психикасына әсері зор болғандықтан,ең бастысы баланың мультфильм көріп отырғандағы көңіл-күйін бақылау керек.Егер бала жақсы,іші позитивті эмоцияларға толы мультфильм көрсе,оны көріп болғаннан кейін бала көтеріңкі көңіл күйде жүреді.Ал егер бала іші агрессиялы қорқынышты көрністерден құрылған мультфильмді көрсе бала бойында да,сөзінде де,іс-қимылында да агрессия пайда болады.
2. Балалардың теледидар немесе компьютер алдына жалғыз қалуы дұрыс емес.Әсіресе бала мультфильмді алғаш көрейін деп экран алдына жайғасқанда қасында үлкендердің бірінің болуы міндетті.Себебі бала мультфильм көру барысында түсініксіз жайттарға кезіккенде ата-ананың түсіндіру сондай-ақ,олардың мультфильмге қатысты пікірін білу балаға да қызық болады.
3. Мультфильм аяқталған соң оны міндетті түрде талқылау керек.Мысалы, «кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?»деген сияқты сұрақтар қою арқылы баланың ойын білу керек.
4.Мультфильмді көруге ыңғайлы уақыт күндізгі кез.Көптеген педиатр мен психологтардың пікірінше түскі және түнгі ұйқының алдына мультфильм көрсетуге болмайды.Сондай-ақ үлкендер алдын ала ұзақ мультфильмдерді бөліп көрсетуді ойластыру керек.Көру кезінде бала экраннан кем дегенде екі метр қашықтықта отыру қажет.Ал егер баланың көзі қызарып,жасаурай бастаса,теледидар көрсетуді дереу тоқтату қажет.
5.Балаға кез келген және мультфильмді әкелгенде ата-ана оны міндетті түрде бірінші көріп шығуы қажет.
6.Үш жасқа дейінгі балаларға жануарлары бар қысқаша өлеңдері бар көп мағлұмат қамтылмаған мультфильмдерді көрсеткен жөн.Ал 3 жастан жоғары балаларға достық туралы,адамдармен арадағы тату қарым-қатынас туралы,қорқыныштарды жеңуге арналған мультфильмдерді көрсетуге болады.Себебі бұл жастағы балаларда абстрактілі ойлау әлі дамымағандықтан түсініксіз көрністер баланы қорқытуы мүмкін.
7.Мектеп жасындағы оқушыларға саяхаттау,достық пен сатқындық ,таңдау мен жауапкершілік туралы мультфильмдерді көрсеткен абзал.
8.Жасөспірімдерге өмір құндылықтары,қорқыныш пен өлім,жақсылықтың жамандықты жеңетіні туралы,адамгершілік пен сыйластық жайындағы мультфильмдерді ұсынған жөн.
Бала өміріндегі компьютердің рөлі
Қәзіргі уақытта жастар,әсіресе жеткіншектер мен мектеп жасына дейінгі балалар үшін компьютерлік ойындар көңіл көтерудің ең бір тараған түрі.Балалар бос уақыттың бәрін компьютерде өткізеді,не болмаса теледидардан түрлі мультфильмдер немесе кинолар көреді.Осыдан кейін баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі болмайды.Бала күн өткен сайын компьютерге тәуелді болады.
Баланың компьютерге тәуелдігінең :мінез-құлқы өзгереді,ата-анасына қарсы шығады,сабаққа құлықсыздығы,көру қабілеттерінің төмендеуі пайда болады.Достарымен қарым-қатынасы азаяды.Зейіні мен есте сақтау қабілеттілігі нашарлайды.Балалар ойындардан шыр айналып шыға алмай,сенімсіз,жалтақ,жуас болады.Ол айналасынан дос таппай,іштей өзін жалғыз,қорғансыз,керексіз сезінетіндіктен қоғамнан оқшауланып,өзінің әлемін-виртуалды әлемді ашады.Виртуалды әлем шын мәніңде жоқ,иллюзиялық дүние болғанымен,ол сол ғажайып ғаламда өмір сүреді.Ойындарға тәуелділік бойында құмарпаздық,еліктегіштік,өз еркін билеу,дәрежесі төмен адамдарды тез тізгіндейді.Сондықтанда компьютерге тәуелділіктің алдын алу қажет.
Ол үшін не істеу қажет?
-Баламен сөйлесу
-Баланы компьютер ойнаудан шектеу
-Тиімді демалысын қамтамасыз ету
-Қызығушылығын басқа іс-әрекетке ауыстыру
-Баланың спортпен айналысуын қадағалау
Құрметті ата-аналар балаларыңызға компьютерлік немесе ұялы телефоннаң ойынды ойнатпас бұрын оның зиянымен қауіпсіздігі туралы мәлімет беріңіз. Балаға дұрыс бағыт-бағдар беретін құнды дүниелерге қызығушылығын арттырыңыз.Балаға компьютерлік немесе ұялы телефондардағы ойындарға шектеу қойыңыз.Баланың болашағының жарқын болуы өз қолыңызда.