04
қазан
2023
"Қарты бар үйдің-қазынасы бар" атты мерекелік іс-шара
ҚР маңызы бар мейрамдарын атап өту мақсатында 1 қазан-қарттар күні мерекесін жоғары деңгейде атап өттік. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып берді. Үлкендерді сыйлау, құрметпен қарау туралы видеороликтер көрсетіліп, балаларға мағлұмат берілді. Іс-шара соңында бөбекжай меңгерушісі А.С.Естенова өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі елен еңбектері үшін және балабақша өміріне белсенді ат салысатын ата-әжелерді құрметтеп, алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Жиналған қонақтар атынан "Тұлпар" тобындағы Муслим Самирдың атасы Данаев Муслим сөз сөйлеп, алғысын білдіріп, батасын берді.