Мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пунктің жұмыс жасайды » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пунктің жұмыс жасайды
12
қазан
2023

Мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пунктің жұмыс жасайды

Бүгінгі таңда дүниежүзілік прогресстің дамыған кезеңінде бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы керек. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың болашағы — жас ұрпақ!» деген болатын. Әрбір бүлдіршін — ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы, ұлттың болашағы, егеменді еліміздің ертеңі. Сондықтан «бала», «ұрпақ», «Өркен» деген ұғымдарды ұмытпай және негізгі мақсатымыз – жан-жақты бала тәрбиесі болуы керек. Бүгінгі қоғамда жан-жақты жетілген, бойында ұлттық құндылықтар, сана-сезімі қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №27 бұйрығымен бекітілген «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастырудың ережесіне» сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балаларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында, «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» құру қолға алына бастады. Бүгінгі күні барлық балабақша жанынан «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» ашылып, жұмыс жасайды. Солардың бірі, "№107 бөбекжай- балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында отбасылық жағдайында тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункті ашылды. Жағдайын анықтаған отбасыларына «Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» жөнінде ақпарат, оның мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, кеңестер берілді. Осы артқарылған жұмыстар нәтижесінде бірнеше «Ата-аналарға арналған консультациялық пунктінің» қызметіне өтініш білдірді. Бала тәрбиесі үшін маңызды «Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы», «Тазалық — денсаулық кепілі», «Баланың рухани әлемі», «Ұялшақтық, ұяңдық оны қалай жеңуге болады?», «Баланың үйдегі әрекетін ұйымдастыру», «Баланы мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу» т.б. тақырыптарда топтық және жеке кеңестер берілді. «Консультативтік пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған балалар және ата-аналарды» көбіне толғандыратын сұрақтарға «Балалардың балабақшаға бейімделуі», «Балалардың қабілеттілігін анықтау жолдары», «Бала ағзасын шынықтыру» және тақырыптарда мамандар тарапынан кеңестер беріледі. Ата-аналармен, баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында тестілер мен сауалнамалар жүргізіліп, балалардың оқу- білім деңгейін анықтап, мамандардың тиісінше кеңес –нұсқаулары беріліп отырады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив