Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау
17
мамыр
2024

Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызғушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып, қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым – қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала-қоршаған ортаны қызғушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әректтерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Көрнекті психолог С.Л.Рубенштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп, қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік тұғызса, екіншіден бақылауды жүргізе қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты. Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белссенді қарым-қатынасы негізнде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну –танып білу –жүзеге асыру»-осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс – тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Серуен –Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі. Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын – алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті: Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік – эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.
Серуен түрлері: 1. Балабақша аумағында
  1. МДМ нің территориясынан аулаққа жаяу серуен ересек топтар 2 км дейін.
Баланың киіміне қойылатын талаптар. Баланың киімі жыл мезгіліне  байланысты сай болу керек.
Серуеннің мазмұны:
  1. Бақылау
  2. Еңбекке баулу
  3. Қимыл белсенділігін арттыру қимылдық спорттық, ойындар мен жаттығулар.
  4. Бала мен жеке жұмыстар
  5. Балалардың өзбетінше әрекеті
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив