ТОПТАР » Страница 3 » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БЕСТЕМШЕ" ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫНАН БАЛАБАҚША БІРІНШІЛІГІ
05
сәуір
2024
"БЕСТЕМШЕ" ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫНАН БАЛАБАҚША БІРІНШІЛІГІ
Ағымдағы жылдың 5 ші сәуірінде балабақшамыздың ересек, мектепалды топтары тәрбиеленушілері арасында балабақша біріншіліг болып өтті. Жарысқа тәрбиешілер балаларды дайындап, ойын баысына қадағалау жасады. Қорытындысына сәйкес төмендегідеей орындар берілді: 1 орын - Ислам Сұлтанғали 2 орын- Еркебұланқызы Қазына 3 орын-Жанат Алинұр
"Қош бол, қыс!" атты қыс мезгілінің соңғы күні ұйымдастырылған іс-шара
29
ақпан
2024
"Қош бол, қыс!" атты қыс мезгілінің соңғы күні ұйымдастырылған іс-шара
Қыс айының соңғы күнінде балабақшамыздың бүлдіршіндерінің қатысуымен "Қош бол, қыс!" атты іс-шарасы өткізілді. Балалар Қар ханшайымына алғыстарын айтып, шығарып салды. Түлкімен бірге би билеп, ойындар ойнады. Қар күреп, аққала соғып, көңілді уақыт өткізді.
Мектепалды топ балаларына буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жүргізілді
28
ақпан
2024
Мектепалды топ балаларына буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме
Мектепалды тобымен буллингтің алдын алу бойынша «Дұрыс және бұрыс» суреттері арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Достық» ойын-жаттығуы жүргізілді. Балалар дұрыс-бұрыс іс-әрекеттер туралы өз ойларымен бөлісіп, балаларды ренжіту, мазақтау, күлу дұрыс іс-әрекет емес екендігі туралы ой бөлісті.
"Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттер
15
желтоқсан
2023
"Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттер
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында балабақшамыздың топтары тақырыпқа сай ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді. Мақсаты: - Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, тәрбиеленушілерге  желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. 
Жаңа форматтағы  ата-аналар жиналысы өтті
04
қазан
2023
Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы өтті
«Мектепке дейінгі ұйымның  күн тәртібі мен оқу-тәрбиелеу үрдісінің негізгі ерекшеліктері» тақырыбында топтарда жаңа форматта ата-аналар жиналысы өткізілілді.Мақсаты: күн тәртібі сәттерін жоспарлаудың маңызы туралы мағлұмат беру,балаларды оқу-тәрбиелеу жүйесіндегі өзгерістер туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу
"Қош бол, жаз!" іс-шарасы
15
қыркүйек
2023
"Қош бол, жаз!" іс-шарасы
№107 бөбекжай-балабақшамызда барлық топтар жаз мезгілін қорытындылау мақсатында "Қош бол, жаз!" тақырыбында іс-шаралар өткізді. Мақсаты:Жаз мезгілінің ерекшелігін басқа мезгілдермен салыстыру, жеміс жидек, көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуі туралы әңгімелеу арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту.
Дәстүрден тыс сурет салу апталығы
08
тамыз
2023
Дәстүрден тыс сурет салу апталығы
Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол қимылын дамытады, сондықтан үнемі ұйымдастырылған іс-әрекет барысында қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Ұсақ және дәл қимылды дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін дамытады.
ҚОШ КЕЛДІҢ АЛТЫН КҮЗ!
20
қазан
2020
ҚОШ КЕЛДІҢ АЛТЫН КҮЗ!
БАЛАБАҚШАДА МУЗЫКА ЗЫЛЫ ЕРЕКШЕ ОРЫН АЛАДЫ.  МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ ӘРДАЙЫМ МУЗЫКАЛЫҚ ЗАЛДЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ. МУЗЫКА ЗАЛЫ  ЕРЕКШЕ АТМОСФЕРА МЕН МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.  ӘР МЕРЕКЕ САЙЫН  БАЛАБАҚШАНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ МУЗЫКА ЗАЛЫН БЕЗЕНДІРУ ҮШІН   ЖАҢА ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ НӘРСЕ ОЙЛАП ТАБУҒА ТЫРЫСАДЫ. 
АЛТЫН КҮЗГЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ
19
қазан
2020
АЛТЫН КҮЗГЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ
БАЛАБАҚШАМЫЗДА ТОПТАР АРАСЫНДА АЛТЫН КҮЗГЕ АРНАЛҒАН "КҮЗ СЫЙЫ" АТТЫ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. МАҚСАТЫ: БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ, БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ, АТА-АНАЛАРДЫ БАЛАБАҚША ӨМІРІНЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ.