25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.
Осындай мағлұматтарды балаларға бере отырып, әр топ мерекелік іс-шаралар өткізді. Балалар ән салып, би билеп, әр түрлі ойындар ойнады. Ересек пен мектепалды топтарда тақпақтардан сайыс ұйымдастырылып "Менің елім-Қазақстан" тақырыбында сурет көрмесі өтті.