Баламен танысу және бейімдеу » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баламен танысу және бейімдеу
10
қыркүйек
2025

Баламен танысу және бейімдеу

Баламен танысу және бейімдеу

Қыркүйек айындағы консультациялық пункт жұмысы туралы 

Тақырыбы: «Баланы бейімдеу және күн тәртібіне үйрету»

Форматы: Ата-аналарға кеңес беру, танымдық-дамытушылық жұмыстар

Өткізілген күні: қыркүйек 2025 жыл

Орны: Музыка залы

Жауаптылар: Меңгеруші, әдіскер, психолог, медбике.

Мақсаты:  Жаңа оқу жылының басталуына орай балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына ортаға бейімдеу жолдарын түсіндіру, күн тәртібінің бала өміріндегі маңыздылығын жеткізу. Үй жағдайында баланың күн тәртібін сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған кеңес беру.

Барысы:  Қыркүйек айында ата-аналармен «Баланы бейімдеу және күн тәртібіне үйрету» тақырыбында консультациялық жұмыс ұйымдастырылды.

Консультация барысында:  

- Балабақша меңгерушісі ата-аналарға жаңа оқу жылының басталуы мен баланы бейімдеудегі педагогтар тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.  

- Әдіскер күн тәртібін сақтау мен оның бала денсаулығы мен психоэмоционалды дамуына әсері туралы түсіндіре отырып, ата-аналарға тиімді кеңестер ұсынды.  

- Сонымен қатар ата-аналарға бейімдеу кезеңінде қолдануға болатын ойын түрлері мен оңтайлы әдіс-тәсілдер ұсынылды.  

- Ата-аналар өз тарапынан сұрақтар қойып, баланың үй жағдайында да бірізділікпен күн тәртібін сақтауына қолдау көрсететінін жеткізді.  

- Консультация соңында ата-аналарға ақпараттық жадынама таратылып, кері байланыс алынды.

Қорытынды:  

Ата-аналар тарапынан белсенділік байқалды. Консультациялық жұмыс барысында педагогтар мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнап, өзара түсіністік пен серіктестік нығайды. Балаларды балабақшаға бейімдеу процесі педагогикалық ұжым мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті арқылы тиімді жүзеге асады деген ортақ ой қалыптасты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив