Біз туралы » Страница 3 » «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№107 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Телефон завующего:
+7(727) 291-92-68
Телефон методиста:
+7 (705) 425 3077
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Күзгі асар жәрмеңкесі"
06
қазан
2025
"Күзгі асар жәрмеңкесі"
Балабақша "Күзгі асар"жәрмеңкесі болып өтті. Балалар ата- аналарымен күзгі  жәрмеңкеге өздерінің қолдарымен жасалған бұйымдарын әкеліп ,жасаған жұмыстарымен таныстырып, күз байлықтарын атады, жемістер мен көкеністерді ажыратып ,күзгі жемістер жеп тарқасты.
"Қарттарым аман сау жүрші "
01
қазан
2025
"Қарттарым аман сау жүрші "
«Жас жүрген жер — мереке. Қарт жүрген жер — береке» дейді дана халқымыз. Ата-әжелеріміз бар үй әрқашан ынтымақ пен берекеге толы емес пе?  Төріміздегі қарттарымыз – шаңырақтың шаттығын сақтап, айрандай ұйытып отыратын кеңесшілеріміз. Ал ата мен әженің балаға беретін тәрбиесі мүлде бөлек әңгіме.Осы ретте балабақша әкімшілігі ауданымыздағы қартарға барып,мерекелерімен құттықтап қайтты.
Педагогикалық іс тәжірибе
27
қыркүйек
2025
Педагогикалық іс тәжірибе
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "3 курс студенттері балабақшадан кезекті педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.Балабақша тәрбиешілері 3-курс білім алушыларымен өз тәжірибелерімен бөлісіп,қорытынды есеп берді .
Алғашқы қоңырау - Білім күні құтты болсын!
02
қыркүйек
2025
Алғашқы қоңырау - Білім күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты педагогтар , ата-аналар және барша бақшамыздың тәрбиеленушілері! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен  ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!  
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» педагогтардың   тамыз кеңесі - 2025
29
тамыз
2025
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» педагогтардың тамыз
1-Педагогикалық  кеңес – 2025-2026  жаңа оқу жылы алдындағы білім саласының ең басты жиыны. Осы ретте балабақшамызда   1-ші педагогикалық кеңес «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»тақырыбында болып өтті.Саналы ұрпақты білім нәрімен сусындату, жас ұрпаққа жаңа білім беру баршамыздың міндеттіміз!  
Балабақшада сурет алу техникасын меңгерту
21
тамыз
2025
Балабақшада сурет алу техникасын меңгерту
Мақсаты:Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы,шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің маңызын ашу. 
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік
05
шілде
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік
Бүгін, 2025 жылы 5 шілде күні, балабақша ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысып, «Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз» ұранымен сенбілік өткізді. балабақша қызметкерлері бірлесе отырып: мекеме аумағын тазартты,  жасыл аймақтарды ретке келтірді,  гүлзарларды жаңартып, қоршауларды сырлады. Мұндай шаралар кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ғана емес, ұжымдық рухты нығайтып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға септігін тигізеді.
Жазғы бау-бақша
24
маусым
2025
Жазғы бау-бақша
Балабақшамызда бау-бақша бар.Ол жерде әртүрлі ағаштар мен гүлдер,дәнді дақылдар,күнделікті пайдаланатын көкөністер өсіріледі.Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер бірге су құйып,бау-бақшаға күтім жасайды.
"Тазалық денсаулық кепілі"
31
мамыр
2025
"Тазалық денсаулық кепілі"
“Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады.Осы орайда №107 бөбекжай балабақша ұжымы да балабақша ауласына тазалық жұмыстарын жасады Сенбіліктің басты мақсаты – ауланы  ретке келтіру, оны ең жақсы экологиялық таза ауданға айналдыру.