27
маусым
2022
Ата-аналарға арналған кеңес
Балаңыз ойыншықтар дүкенiнде шу шығарған жағдайда не iстеу керек?
Өзiңiз әлпештеп өсiрiп отырған балаңыз ойыншықтар дүкенi сөрелерiнде қатар-қатар тiзiлiп жинақы орналастырылған қызыл-жасыл түске боялған түрлi-түстi ойыншықтарға қуанып, секiрiп, мәз болып өзiне ұнаған ойыншықты сатып алдыру үшiн алдымен еркелеп, алып беруiңiздi өтiнiп немесе өзiнiң айтқаны болмаған жағдайда айқай-шу шығарып жатады бұл көпшiлiк орындардағы күнделiктi жиi кездесетiн бәрiмiзге таныс жағдай, ата-аналарға осы жағдайдан шығу үшiн немесе осындай жағдайлардың алдын-алу үшiн мынадай қысқа кеңестер беруге болады:- Аталған жағдай қоғамдық орында болғандықтан, баланың жылауы, шу шығаруы сiздi ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкiн сонда да алдымен балаңызды жұбатып, тыныштандырып, психикалық тепе-теңдiктi сақтауға тырысу қажет.
- Баланың назарын басқа жаққа аударып, «Мүмкiн бiз саябаққа барамыз» немесе «Әжеңнiң үйiне барамыз», «Балам сен айналаңа өзiңнiң мiнез — құлқыңмен кедергi келтiрудесiң (сен жылауыңды қоймасаң, бiз дүкеннен шығып кетуге мәжбүр боламыз) деп, баланың арқасынан қағып, оны жақсы көретiнiңiздi сездiрiп, қолынан жетектеп, дүкеннен шығып кетулерiңiзге болады.
- Баланың қалаған ойыншығын алып бере алмайтындай жағдай болған кезде бұл ойыншықты баланың көзiнше суретке түсiрiп алып, оған кейiн алып беретiнiңiздi айтуға болады.
- Баланың жылап, ашуы тарқауын сабырлықпен күту. Бұл жағдайда бала өзiне ешкiм көңiл аудармағанын байқаса, тынышталып, жылауын тоқтатады.