Консультативті пункт: Балабақшаға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру
3-4 жастағы балаларға әлеуметтік дағдылар: қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу,таныс-достарының аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.
5-6 жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .