17
қазан
2025
"Баланың эмоцияларын қалай түсінуге болады?" кеңесі
"Баланың эмоцияларын қалай түсінуге болады?" кеңесіҚазан айындағы консультациялық пункт жұмысы туралы
КМҚК «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Өткізілген айы: 16 Қазан 2025 жыл
Тақырыбы: "Баланың эмоцияларын қалай түсінуге болады?" кеңесі
Форматы: Танымдық ойындар, қарым-қатынас жаттығулары, кеңес беру
Орны: Логопед кабинеті
Жауаптылар: Әдіскер, логопед.
Мақсаты: Баланың өзін-өзі тануына, эмоцияларын түсінуге және жеткізуге көмектесу. Ата-аналармен бірлесе отырып, баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуын бақылау, қолдау және дамыту жолдарын ұсыну.
Барысы:
Қазан айында балабақшада"Баланың эмоцияларын қалай түсінуге болады?" тақырыбы аясында баламен танымдық ойындар, қарым-қатынас жаттығулары өткізілді.
- Бала өзі туралы айтып, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздеп, өз ойларын ортаға салды.
- «Қуаныш», «реніш», «таңғалу», «қорқу» сияқты түрлі эмоцияларды танып, бет-әлпет арқылы көрсету жаттығулары жүргізілді.
- Бала өз эмоциясын суретпен жеткізуге тырысты, бұл арқылы олардың ішкі жан дүниесін тану мүмкіндігі артты.
Сонымен қатар, ата-анамен жеке және топтық кеңестер ұйымдастырылды.
- «Баланың эмоцияларын қалай түсінуге және дамытуға болады?» тақырыбында кеңес барысында ата-анаға эмоциялық интеллектті дамыту жолдары ұсынылды.
- Логопед маманы ата-аналарға балалармен сөйлескенде жұмсақ, түсіністікпен қарау, баланың пікіріне құлақ асу, қолдау көрсету маңыздылығы жайлы айтты.
- Ата-аналар өз балаларының эмоциялық күйін қалай байқайтыны туралы бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Қорытынды:
Өткізілген жұмыстар нәтижесінде балалардың өзін-өзі тануы, эмоцияларын дұрыс жеткізу қабілеттері қалыптаса бастады. Ата-ана тарапынан қызығушылық байқалып, келесі тақырыптарға ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта ата-аналармен жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.