" Кел, төрлет Жаңа жыл !"
Жаңа жыл ертеңгілі мектепалды даярлық "Тұлпар" тобында болып өтті. Жаңа жыл ертеңгілігінің негізгі мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа жыл туралы түсінік беру, олардың бойында достық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру (ән айту, би билеу, өлең жаттау арқылы), сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақарды күтіп, сыйлық алу арқылы қуанышқа кенелту болып табылады.