10
қараша
2025
"Сіз қандай ата-анасыз?" сауалнама
"Сіз қандай ата-анасыз?" сауалнамаҚараша айындағы консультациялық пункт жұмысы
КМҚК «№107 бөбекжай-балабақшасы»
Өткізілген айы: 10 қараша 2025 жыл
Орны: Консультациялық кабинет
Жауапты: Әдіскер, психолог
Тақырыбы: «Сіз қандай ата-анасыз?»
Форматы: Анонимді сауалнама
Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ұстанымдары мен көзқарастарын анықтау, педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, баланың үйлесімді дамуына қолдау көрсету.
Жұмыстың мазмұны:
1.Кіріспе: Психолог ата-аналарды қабылдап, сауалнаманың маңыздылығы мен анонимді түрде жүргізілетінін түсіндірді. Баланың дамуы мен тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жайлы қысқаша баяндама жасалды.
2. Сауалнама жүргізу:Ата-аналарға арнайы дайындалған сауалнама үлгілері таратылды. Сауалнама ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасын, олар қолданатын әдістерді және баланың дамуына қатысты мәселелерді қамтыды.
3. Нәтижелерді жинау және талдау:
Жиналған сауалнамалар мұқият қаралып, ата-аналардың ортақ пікірлері мен ұсыныстары анықталды. Бұл ақпарат педагогтармен талқыланып, балабақшадағы тәрбие мен оқыту процесін жетілдіруге қолданылмақ.
4. Қорытынды кеңес:
сихолог және әдіскер ата-аналарға тәрбиелік үрдісті жақсарту жөнінде бірнеше кеңестер берді, ата-аналар өздерінің бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруға шақырылды.
Қараша айындағы консультациялық пункт жұмысы жоспарға сәйкес, тиімді әрі жемісті өтті. Ата-аналар белсенді қатысып, сауалнама арқылы өз пікірлерін білдірді. Педагогтар мен ата-аналар арасындағы байланыс нығайып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге зор мүмкіндіктер туындады.